Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:13

МӘМС: Халық тегін дәрі-дәрмекті қайдан алады?

24.05.2022

514

0

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер белгілі бір аурулар болған кезде еліміздегі азаматтардың ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС  қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сенім арта алатынын регламенттейді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 75 бұйрығымен бекітілген Нозологиялар мен қолжетімді дәрілердің тізбесімен мына жерде танысуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың ақпараты бойынша, бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 нозология, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 79 нозология қамтамасыз етіледі.

Дәрі – дәрмек алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне (медбикесіне) жүгінуі тиіс. Учаскелік дәрігер/медбике науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрілік заттарды алуға рецепт жазады. Сіз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен және рецептімен емхананың дәріханасына хабарласуыңыз керек.

2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 140,3 млрд теңге, оның ішінде МӘМС жүйесінде 45 млрд теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: