Елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі. Олар: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Сол себепті қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, 1 мамыр – Халық бірлігі күні қазақстандықтар демалады;
Бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан, 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады;
Алты күн жұмыс істейтіндер екі күн қатарынан, 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады.
Одан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні бар;
Бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан демалады 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
Алты күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) күндері демалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!