«AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста аудан дамуына тікелей әсер ететін, халық мүддесіне бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша Жалағаш ауданы бойынша жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалу барысы. Отырыстың күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде «Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ басшысының орынбасары Байболов Бабаназар Жалағаш ауданы бойынша жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалу барысы туралы кеңінен хабарлама жасады. Осыған байланысты фракция мүшелері аудандағы нақты ахуалды талқылап, жауапты бөлімге бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Екінші мәселе — Жалағаш ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру барысы туралы. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жалағаш ауданының полиция бөлімі бастығы полиция полковнигі Баймағанбетов Мақсат Маратұлы сөз алып, оқу орнының бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары мен алда тұрған жоспарлары жөнінде жан-жақты тоқталды.
Отырыс соңында фракция мүшелері көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылдады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!