Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сейсенбі, 20 қаңтар, 16:47

Мемлекет басшысы Парламентке «Құрылтай» атауын беруді ұсынды

20.01.2026

12

0

Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

– Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда Құрылтай деген атауды беру керек деп есептеймін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, – деді Президент.

Президент бір палаталы Парламент туралы бастаманы халық қолдап отырғанын айтты.

Дереккөз: Қазақпарат

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: