Орталық ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкіқамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге,
гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.
Оператор мынадай:
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған;
2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;
3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;
4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.
Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;
3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;
4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;
5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер көрсетілген мекен-жайға және электрондық поштаға жолдау қажет.
Қағаз бетіндегі өтінімдер мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мангілік Ел даңғылы, 30 «Astana Apartments» бизнес-орталығы, 2 қабат.
Орталық қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталықтың Жобаларды басқару департаментіне хабарласыңыз:
- Ақмола облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
- Ақтобе облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Алматы облысы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30
- Атырау облысы – Ергалиева Шұғыла 8 778 010 78 20
- Шығыс Қазақстан облысы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26
- Жамбыл облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
- Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Қарағанды облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
- Қостанай облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
- Қызылорда облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
- Маңғыстау облысы – Ергалиева Шұғыла 8 778 010 78 20
- Павлодар облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
- Солтүстік Қазақстан облысы – Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03
- Түркістан облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
- Нұр-Сұлтан қаласы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30
- Алматы қаласы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26
- Шымкент қаласы – Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03
MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына қосымша жіберуге болады.
Сұраныстар 2021 жылдың20 қантары күні сағат 18.30-ге дейін қабылданады.
Орталық қызметкерлерінің сұраныстарды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!