Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 20:57

Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ның әрбір азаматының парызы

01.09.2022

430

0

«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ның әрбір азаматының парызы»-деген.Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Осы мақсатта аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Мәдени мұра» БПҰ – ның ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Тіл тазалығы – ұлттың бет бейнесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге “Достық мекені” қоғамдық бірлестігінің, «Қазақ тілі» қоғамының Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Дина Мирман алғашқы сөз кезегінде «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл», Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік тіл маманы Есаманова Назерке Әбуқызы «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры», Ш.Ермағанбетова атындағы №246 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сүлейменова Гүлбала Сұлтанқызы «Тіл тазалығын сақтау – ұлт болашағының ертеңі» тақырыбында хабарлама жасап, басқа да тіл жанашырлары өз пікірлерімен бөлісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: