Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жексенбі, 14 шiлде, 09:12

Министр Словениямен өтетін матч алдында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

20.11.2023

323

0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін түнде Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларына қарсы шешуші матч өткізеді.

Н тобының соңғы тур алдындағы турнир кестесінде жерлестеріміз 18 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет, ал словениялықтарды тең ойын да қанағаттандырады.

Ұлттық құраманың маңызды матчы алдында туризм және спорт министрі футболшыларға қолдау білдіріп, үндеу жасады.

«Біздің жігіттерді сырт алаңдағы шешуші матч күтіп тұр. Ұлттық құраманың кейінгі жылдардағы ойыны жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарды. Ел тұрғындары аяқдоп шеберлерінің ойынын тамашалау үшін стадиондарға ағыла бастады. Бұл – спортты насихаттау жолындағы тамаша жетістік. Миллиондаған қазақстандықтың арманы орындалуына бір ғана қадам қалды. Жігіттер, сендер үлкен тарих жасап жатсыңдар! Бүгінгі кездесу нәтижесі қандай болса да, сіздер ел намысы үшін бар күш-жігеріңізді жұмсап, алаңның әр бұрышындағы доп үшін таласта аянып қалмайтындарыңызға сенімдіміз. Матч Словенияда өтсе де, бүгін бүкіл қазақ елі бір жұдырықтай жұмылып, теледидар арқылы сіздерге жанкүйер болып, қолдау білдіреді. Сәттілік, жігіттер! Сіздердің қолыңыздан бәрі келеді!», – деді Ермек Маржықпаев.

Словения – Қазақстан матчы 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады. Бәсекені Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: