Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 05:53

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

06.04.2023

315

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалағаш кентіндегі азық-түлік дүкендері, дәрі-дәрмекке және жанар-жағар май бекеттеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары барысында жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин еркін айнылымда сатылуда, ал дизель отыны талонмен босталуда. Дәріханаға келушілерден (клиент) сұрау барысында бағада өсім жоқ екендігі және қажетті дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екендігі байқалды.

Мұнан соң мониторингтік топтың мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын дүкендерге «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік» тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру» және Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, мониторинг жұмысына аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің арнайы маманы қатыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: