Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:20

Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға арналған ұлттық жоспар бекітіледі

28.05.2023

390

0

 «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары» көпшілік талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілсін», – делінген Ашық НҚА портылында жарияланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық-жобасында.

Құжатта жазылғандай, ұлттық жоспар аясында мына жұмыстар қолға алынады:

– Мүгедектікке әкелетін туа біткен даму дерттерді және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау тұрғысынан балаларды ерте скринингтен өткізу – қамту үлесін биылғы 92%-дан 2024 жылы 93%-ға жеткізу;

– Барлық 3 кезеңде (амбулаториялық, стационарлық, санаторий-курорттық) оңалту көмегінің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету – көрсетілген көмектің үлесін биылғы 45%-дан 2024 жылы 50%-ға жеткізу;

– Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру процесін материалдық-техникалық сүйемелдеудің орындалуын мониторингтеу;

– Өңірлер бөлінісінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру;

– Мүгедектігі бар адамдарды заманауи протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесін пысықтау;

– Азаматтарды өмірдегі қиын жағдайда жүрген адамдардың санаттарына жатқызу өлшемшарттарын және мұқтаж азаматтарға, оның ішінде адам саудасы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесін өзектілендіру;

– Үйде қызмет көрсетілетін адамдар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық дайындық орталықтарында және олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында мүгедек спортшыларға жаттығу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

– Мүгедектігі бар адамдардың флюорографиялық, маммографиялық зерттеулермен қамтылуын және олардың қолжетімділігін мониторингтеу.

Бұйрық 9 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: