Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 18:51

Мырзабай ахун ауылында саяси науқан басталды

23.04.2023

678

0

Бүгін Мырзабай ахун ауылдық округінде елді мекен әкімін сайлау науқаны өтіп жатыр. Ауылдағы №122 орта мектепте орналасқан №146 сайлау учаскесі сағат 7.00-де комиссия мүшелері мен байқаушылардың қатысуымен заңды талаптарға сай ашылды.
Жалпы, сайлаушылардың қарасы қалың, белсенділік жоғары.
Ауыл ақсақалы Кендірбай Адамбаев алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келіп, бүгінгі өтіп жатқан саяси науқанға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.


– Бүгін ауылымызда маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Менде таңғы шайімді ішіп, дауыс беруге келіп қалдым. Шүкір, ауылымызда біраз шаруалар жүзеге асып жатыр, жастардың еңбек етуге деген құлшынысы да жаман емес. Ең бастысы, ауыл ауызбіршілігі бекем, сондықтан бірлік болса, тірлікте өнетінін жақсы білеміз. Ауыл болашағын айқындайтын науқанға ауылдастарымды белсенділік танытуға шақырамын, – дейді ауыл ақсақалы.


Ауыл ақсақалымен қатар Қазына Нұрылдаева есімді ақжаулықты анамыз да өзінің таңдауын жасауға ертелетіп келіп қалыпты. Ауыл анасы ауылда өтетін барлық іс-шараларға қатысып, елді мекен тыныс-тіршілігіне белсене араласуды құп көреді. «Жастарға үлгі, өнеге болу, біздің басты міндетіміз» дейді ақжаулықты ана.
Алғашқы болып келген ауыл тұрғындарына сайлау учаскесінің тарапынан сыйлық беріліп, алғыс білдірді.
Сайлау учаскесінің төрайымы Нұратаева Гауһардың мәліметінше жалпы сайлаушылардың саны 668, сағат 9.00-ге дейін 200-ден аса ауыл азаматтары дауыс беріп үлгерген. Айта кетейік, сайлау учаскесі кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: