Наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік «Союз – 2» зымыран-тасымалдаушы көмегімен 18 елдің қырыққа жуық шағын Жер серігін орбитаға аттандыру жоспарланып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Тізім әлі аяқталған жоқ. Жер серіктерінің дайындығына қарай әлі де нақтылауды қажет етеді. CAS500-1 аппаратымен бірге 18 елдің 40-қа жуық шағын Жер серігі ұшады деп болжануда», – делінген ақпаратта.
Агенттіктің хабарлауынша, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, БАӘ, Израиль, Тайланд, Канада, Бразилия, Германия, Нидерланды, Италия, Аргентина, Венгрия, Тунис, Ұлыбритания, Испания және Словакия сынды мемлекеттердің Жер серіктері ғарышқа аттанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!