Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 05:56

Нұрлыбек Нәлібаев: Өз қызметіне адалдығы үшін алғыс айтамын

06.06.2023

360

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағашта суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалған полиция қызметкеріне алғыс білдірді. Бұл туралы аймақ басшысы «Facebook» парақшасында жариялады. 

«Әлеуметтік желіден полиция майорының суға кету қаупі төнген адамды құтқарған бейнежазбаны көрдім. Ол өз өмірін қатерге тігіп, жігітті жағаға алып шықты.
Бұл оқиға бүгін түс кезінде Жалағаш кентінен 3 шақырым қашықтағы «Северный» каналында болыпты. Каналдағы су деңгейін көруге барған Жалағаш кентінің тұрғыны Данияр Бекбайдың аяғы тайып кеткен.
Сол сәтте Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ержан Абдраманов оны судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлерге табыстаған. Қазір Данияр аудандық ауруханада тексеруден өтуде. Жағдайы бірқалыпты.
Біз үшін әр адамның өмірі қымбат. Дер уақытында шешім қабылдау, әрекет ету арқылы майор Ержан Абдраманов адам өмірін құтқарып қалды. Ол дәл сол сәтте ерлік жасайын, елге танылайын деп ойламағаны анық. Бұл бейнежазба желіде тараған соң ғана ел білді.
Сын сағатта, қоғамның тыныштығын сақтауда осы сияқты қаншама ерлік жасалуда. Оның бәрі жарияланбайды, бірақ адамды аман алып қалу үшін кез келген полиция қызметкері дер кезінде осындай батыл шешім қабылдай алуы тиіс.
Маусым басталысымен күн ысыды. Судағы жазатайым оқиғалардан сақтанайық, ағайын. Ал полиция майоры Ержан Абдрамановқа өз қызметіне адалдығы үшін алғыс айтамын» делінген жазбада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: