Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:31

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға Құрмет грамотасы тапсырылды

20.01.2021

624

0

«Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің 2020 жылы атқарған жұмыс қорытындысын талдау және талқылау мақсатында агенттік төрағасының қатысуымен бейнебайланыс арқылы мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында Алик Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жобалық кеңселердің өңірлерде атқарып жатқан жұмыстарына жоғары бағасын берді.

Сонымен қатар  соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметі айқындық пен ашықтыққа айтарлықтай қайта бағдарланғанын, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететінін және мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыратынын атап өтті.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу бағытында жұмыс істеп жатқан үздік облыс әкімдерінің жұмысын атап өтті. Осылайша агенттік төрағасы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын тиімді ұйымдастыруға және өңірлік әкімдіктердің сервистік моделіне толықтай көшін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, департамент басшысы Ардақ Ерсейтов «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет агенттік төрағасының алғыс хатын табыстады.

Бүгінде аймақтағы барлық қала, аудан әкімдіктері ашықтық қағидаттарына негізделген, мемлекеттік қызметтерді жедел және сапалы көрсету мақсатында толықтай сервистік режимінде жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: