Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 12 желтоқсан, 19:16

Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барды

12.12.2025

5

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге құрылыс нысандарын аралады.
Бахыт Дүйсенұлы алдымен Қазалы теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын, теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысын көрді. Күрделі жөндеуді «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қаржыландыруымен «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғалары нығайтылады, шатыры ауыстырылып, есік-терезелерді жаңартылады. Жолаушыларға арналған күту залдары заманауи талапқа сай жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ. Қауіпсіздік жүйелері орнатылып, аумақты көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылады. Бүгінде ғимараттың сыртқы жұмысының басым бөлігі аяқталып, құрылысшылар ішкі жұмыстарға кіріскен.
Облыс әкімінің орынбасары Әйтеке би кентіндегі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатқан 2 пәтерлік 40 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Құрылыс аяқталуға жақын, жуық арада тұрғындар игілігіне берілмек. Мұндағы жұмыс барысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақылауында екенін айтқан Бахыт Дүйсенұлы мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйлерді сапалы етіп салып, инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіп, мерізімінде пайдалануға беруді тапсырды.
Жұмыс сапары Қарлан көпірінде, Бекарыстан би ауылындағы спорт кешінінің құрылыс алаңында жалғасты. Көпір құрылысын «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Кіреберіс жолы салынып, Сырдария өзені суын уақытша бөгеу арқылы бетон тіреулер құйылуда. Дарияның арғы бетіндегі 12 мыңға жуық халық үшін бұл көпірдің маңызын айтқан Бахыт Дүйсенұлы ең бірінші кезекте құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуын тапсырды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі салып жатқан Бекарыстан би ауылындағы спорт кешені құрылысы аяқталуға жақын. Іске қосылғанда мұнда ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізеді.

Айта кетейік, аталған жоба аясындағы спорт кешендері Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында да салынуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: