Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 01:10

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен жалағаш ауданына келді

17.04.2023

517

0

Облыс әкімінің орынбасыры Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келіп, ауданда биылғы жылы жүзеге асырылатын жобалармен танысты.

Облыс әкімінің орынбасарына 2023 жылы Жалағаш кентіндегі жалпы құны 643,6 млн. теңгені құрайтын М.Шәменов, І.Нұркенов, И.Панфилов, Мысық би, А.Бектібаев көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, ПМК-09 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі және қосымша 7 көшені күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар дайындалғандығы баяндалды.

Сонымен қатар, іс-сапар барысында аудандық маңызы бар Жаңадария бағытындағы автожолды орташа жөндеу жұмыстары да таныстырылды. Жоба құны – 392 млн.тг . Жоба өтпелі. Орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.

Қазіргі таңда Жаңадария бағытындағы автожолдың 10-шақырымы жөнделуде. 17 шақырымдық автожол құрылысы мамыр айында аяқталады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: