Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жұма, 24 мамыр, 00:35

Өмір бойы өкінесің: жастықтың 7 қателігі

22.06.2023

4900

0

Жастық – тәжірибе жинайтын, өзімізді және әлемді танитын керемет шақ. Алайда әрбір адам кейін өкінетін қандай да бір қателіктер жібереді. Бұл қателіктер жайлы жеке бренд бойынша маман Анастасия Кере Marie Claire-ге айтып берді.

Жас кезде көптеген адам ата-әжелерден, үйдің үлкендерінен, туыстардан алшақ жүргісі келеді. 40 жасқа жақындағанда руыңыз жайлы, ата-бабаларыңыз жайлы білгіңіз келетін болады, бірақ ол кезде сұрайтын ешкім болмауы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Тезірек отбасын құрғысы келу

Бір жағынан, жастық кезде махаббат бірінші кезекке шығады. Басқа жағынан қарайтын болсақ, адам әлі толықтай өзін танып бітпей, өзіне сәйкес серік тапқысы келеді. Мысалы, жас кезде психологқа баруға немесе біздің психикамыз қалай жұмыс істейтінін зерттеуге, айналадағы әлемге анализ жасауға болады. Өмірден не қалайтыныңызды және өзіңіздің қандай екеніңізді түсінген кезде сізге сай келетін серік те жолығады.

Ақша ұстай алмау

Өмірде немен айналысқыңыз келетінін анықтаңыз. 30 жасқа дейін түрлі бағытты байқап көріңіз.

Басқалардың пікірі бойынша жүру

Өзіңізді, өз ісіңізді, өмірдегі өз орныңызды табу сіздің ішкі қалауыңыз бен қажеттілігіңізге байланысты болуы керек. Айналадағылардың пікірі бойынша өмір сүрудің қажеті жоқ. Әрине, жақындарыңыздың сенімді кеңестерін де елемей қоймаңыз, бірақ көп жағдайда өзіңіздің ішкі қалауыңызды тыңдаңыз.

Ата-ананы қабылдамау

Жастық кезде ата-анаңызды қалай бар, солай қабылдау қиынға соғуы мүмкін. Бірақ бұл қажет нәрсе. Себебі оны қабылдамасаңыз, ата-анаға деген наразылық жылдан жылға арта береді. Әсіресе, өзіңізде бала болған кезде қиын болуы мүмкін.

Сондықтан ата-анамыз бізді басқа заманда тәрбиелегенін түсінуге тырысыңыз. Ол кездегі заман талабы мен ережелері басқа болды. Олардың махаббат тілі бізге түсініксіздеу болса да, олар бізді жақсы көреді. Бізде басқа әке мен шеше болмайды. Олар бізді жақсы көреді, біз оларды жақсы көреміз. Мұны қаншалықты ерте түсінсеңіз, соншалықты жақсы. Ешкімді өзгерте алмайсыз, сіз тек қабылдап үйрене аласыз.

Денеңізге деген дұрыс емес қарым-қатынас

Біреулер денсаулығына мүлдем мән бермейді, ал кей адамдар, әсіресе, қыздар өздерін диеталармен қинайды. Олар «жалпыға ортақ стандарттарға» сай болғысы келеді. Өзіңізді қабылдап және ақпарат ағынын саралап үйрену маңызды. Салауатты өмір салтын ұстануға тырысыңыз.

Қателіктерден сабақ алғысы келмеу

Жастардың басты қателігі – қателіктерді бекер деп санау: олардан еш нәтиже шығармау, бағалы тәжірибе алмау. Өткен тәжірибені ескеріп, жоспарларға түзетулер енгізіп, ары қарай жылжу керек. Өмір – сый, адамдар – ұстаздар, ал оқиғалар – өзін-өзі тану жолындағы қадамдар.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: