Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 16:36

Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды

06.02.2024

796

0

Өңірде өндірістік жобаларға да басымдық беріліп келеді.

Атап айтқанда, 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.

Біріншісі: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Қазіргі таңда ферма құрылысы толық аяқталып, Чехия мемлекетінен 96 бас «Симентал» тұқымды сүтті ірі қара малдары алынды.

Жоба тәулігіне 3000 литр сүт өңдеп, өнім шығарады. Жоба аясында 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Екіншісі: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты.

Жоба толықтай іске қосылды. Тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіруде. Жоба аясында 5 адам жұмыспен қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: