Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:08

Оқушылардың 30 проценті індет жұқтырса, мектеп карантинге жабылады

03.08.2022

427

0

Жаңа оқу жылында мектепішілік жаппай көпшілік шараларға тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Оқушылар білім ұясына келген бойда олардың дене қызуы термометрмен өлшенеді. Дезинфекциялық тазалау жұмыстары күшейтіледі. Сыныптың ауасы жиі тазартылып тұрады. Яғни былтырғы карантин талаптары сақталады.

«Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы балалар офлайн яғни қашықтан оқыды. Біз осылайша омикрон өршіп тұрған кезеңді еңсердік. Әсіресе қаңтар айында тәулігіне 17 мыңға дейін сырқаттанушылық дерегі тіркелді. Ал ел бойынша 150 мың науқас ем қабылдаған болатын», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, егер оқушылардың 30 проценті індет жұқтырса онда мектеп карантинге жабылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: