Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:20

Отбасы – мемлекеттің алтын діңгегі

01.09.2022

871

0

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде қоғамда отбасы мәселесі қызу талқыға түсіп, тұрмыс тауқыметін көрген жанұялардың жан айқайын телеарналардан көріп, бұл мәселені қалай шешу жайы мамандардың бас ауруына айналып жүр. Осы мәселені, халықтың басындағы қиындықты дөп басқан Президент жариялаған кезекті Жолдауында осы мәселені назардан тыс қалдырмай, оны қаперге алды.

«Отбасылық зорлық-зомбы­­лықты қылмыс санатына жат­қызу мәселесі қоғамда көп­­тен бері талқыланып жүр. Құ­­қық қорғау органдары бұл ұсы­ныс­тың дұрыс еке­ніне кү­мән­мен қарайды. Себебі мұндай тұр­мыстық жағдай­ларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқи­ғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды» деп бүгінгі Жолдауында Президент қадап айтты.
Көптің көкейінде жүрген сан сауалға бір шешім табу жолы енді терең қарастырылып, құзырлы орындар бұл мәселемен тия­нақ­ты айналысып, қоғамдағы азғындыққа салынып, өз отба­сына қауіп төндіріп отырған тәр­тіпсіз, мейірімсіз жандар­дың жазасын беріп, қыл­мыстың жолын кесуге бағ­дар жасалады. Отбасы – мемлекеттің алтын діңгегі. Олай болса, отбасындағы зор­лық-зомбылықты жоюға әр са­налы азамат жауапты болуы маңыз­ды.

Роза Ералы,
аудандық аналар
кеңесінің төрайымы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: