Жасыратыны жоқ, соңғы кезде қоғамда отбасы мәселесі қызу талқыға түсіп, тұрмыс тауқыметін көрген жанұялардың жан айқайын телеарналардан көріп, бұл мәселені қалай шешу жайы мамандардың бас ауруына айналып жүр. Осы мәселені, халықтың басындағы қиындықты дөп басқан Президент жариялаған кезекті Жолдауында осы мәселені назардан тыс қалдырмай, оны қаперге алды.
«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды» деп бүгінгі Жолдауында Президент қадап айтты.
Көптің көкейінде жүрген сан сауалға бір шешім табу жолы енді терең қарастырылып, құзырлы орындар бұл мәселемен тиянақты айналысып, қоғамдағы азғындыққа салынып, өз отбасына қауіп төндіріп отырған тәртіпсіз, мейірімсіз жандардың жазасын беріп, қылмыстың жолын кесуге бағдар жасалады. Отбасы – мемлекеттің алтын діңгегі. Олай болса, отбасындағы зорлық-зомбылықты жоюға әр саналы азамат жауапты болуы маңызды.
Роза Ералы,
аудандық аналар
кеңесінің төрайымы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!