Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 02 қараша, 07:44

Партиялық бақылау комиссиясы мониторинг жұмыстарын жүргізді

13.07.2023

372

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссияның мүшелері Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бас мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС жүргізіп нысанда 11 адам жұмыс жасауда, қазіргі күні дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр, бетон құю жұмыстары біршама аяқталды. Нысанды белгіленген уақытта ерте аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап жұмыс жасаудамыз – деді құрылыс нысанының бригадирі.

Құрылыс жұмыстары басына «AMANAT» партиясының бақылау бекеті қойылды. Аталған бекетке жауапты Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Сәбит Жанашев. Аталған нысан партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, жұмысшылардың еңбек ақыларының уақытылы берілуі сонымен қатар, құрылыс жұмыстары сапалы аяқталуы қажет. Нысан халық игілігіне пайдалануға бергенше Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мен Партиялық бақылау комиссиясының назарында және бақылауында болады – деді Сәбит Жанашев.

Құрылыс саласының ардагері, аудандық партия филалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Шадаев Әбдіғани сметалық құжатқа сәйкес жұмыстың сапалығын қарап шықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: