Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 04:13

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді

21.07.2022

508

0

Бүгін партияның Жалағаш аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2022 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды есебі және Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныстар негізінде Жалағаш кенті әкімінің есебін тыңдау мәселелері қаралды. Отырысқа Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева арнайы қатысты.


Жалағаш аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштер мен қабылдаулар туралы Жалағаш аудандық филиалының консультанты Асхат Ахметжамиев хабарлама жасап, 2022 жыл 6 айы бойынша есеп берді.


Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштер негізінде Жалағаш кенті әкіміне комиссия мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды. Яғни, аяқ-су, жаяу жүргіншілер жолы, көркейту көгалдандыру, тазалық жұмыстары және жол мәселелері көтерілді.


Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша түскен ұсыныстар түскен ұсыныстар алдағы уақытта партия назарында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: