Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілармиялық кеңес отырысында сарбаздарды барынша қолдау шараларын көбейту керек деді. Бұл жөнінде stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел Президенті кеңес барысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың несиесіне жеңілдік жасау мәселесін айтты. Сонымен қатар әскери қызметте әлеуметтік лифт болуы керек деп отыр.
«Әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік беруіміз керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет”, – деді Президент.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет екенін де айтты. Өйткені олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!