Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Бейсенбі, 04 қыркүйек, 19:51

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттер сатылымға қашан шығады

04.09.2025

9

0

Алдағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге билеттер матчқа 10 күн қалғанда сатылымға шығады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта ұйымдастыру мәселелері бойынша «Қайрат» футбол клубымен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр. Билеттерді тарату құқығы толықтай клубтың қарамағында.

«Бүгінгі таңда бізде сатылым матчтан 10 күн бұрын басталады деген ақпарат бар. Яғни, егер ойын 30-да өтетін болса, онда билеттер 20 қыркүйекте сатыла бастайды», деді вице-министр.

Сондай-ақ Серік Жарасбаев билеттер тек «Қайраттың» ресми сайтында және клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана сатылатынын атап өтті.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық азаматты тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге шақырамын. Билеттерді сатудың ресми көзі тек «Қайрат» клубының сайты немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары болады», деді вице-министр. 

Сонымен бірге вице-министр билеттердің құны әзірге белгісіз екенін айтты. Баға сұраныс деңгейіне байланысты клуб тарапынан анықталады.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: