Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 06:54

Қаңғыбас иттерге қатысты Экология министрлігіне тапсырма берілді

24.04.2023

304

0

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz  Egemen.kz. сілтеме жасап.

Экология министрлігіне аталған мәселені шешуге халықаралық тәжірибені ескере отырып қарау және заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеу тапсырылды.

19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында Мемлекет басшысы бұл мәселеге тоқталып, осы бойынша үнемі арыз-шағымдар түсіп жатқанын атап өтті.

«Маған барлық облыстардан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар келіп түседі, онымен құзырлы органдардың ешқайсысы айналыспайды, барлығы тиісті заңға сүйенеді. Бірақ осы жолмен жүрсек, жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін. Иә, жануарларға қамқорлық жасау керек. Бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қатысты агрессиясына жол беруге болмайды. Ал қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Шара қабылдаңыздар», деген еді Мемлекет басшысы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: