Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сейсенбі, 19 мамыр, 09:23

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен және Сингапур Президентімен кездеседі

20.05.2023

720

0

Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды.

Мемлекет басшысы 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: