2025 жылдың 2 қыркүйек күні Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары бекітілген білім беру ұйымдарына барып, жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды құттықтады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына жолда жүру қауіпсіздігі мен жалпы қоғамдық тәртіп ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берді.
Сонымен қатар, түрлі-түсті бояу парақшалары арқылы балалар өз ойларын сурет арқылы жеткізіп, жолда жүру мәдениеті мен полиция қызметі туралы түсініктерін арттырды.
Мұндай кездесулер – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, полиция мен жас буын арасындағы сенімді нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!