Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ -45 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Аталған бұйрықта Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі бекітілген:
- Мидың хирургиялық қол жетпейтін функционалды маңызды аймақтарында орналасуына байланысты радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.
- Эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмдер.
- Трансоральды алып тастау үшін бас сүйегінің негізінің ісіктері.
- Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).
- Кератопротездеу.
- Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.
- Көмейдің стенозы.
- Кеңірдек стенозы.
- Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі: - Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде 18 жасқа дейінгі балалар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері болып табылады.
Пациентті шетелге емделуге жіберудің және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы шешім қабылдау бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету түрлері жылдан жылға кеңейіп келеді. Күрделі оталар тегін жасалып, халықаралық стандарттарға сай медициналық көмек көрсетілуде.
Қызылорда облысында 2023 жылдан бастап Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарының жетекшілігімен көпбейінді облыстық ауруханада 3 бүйрек трансплантациясы, ал 2024 жылы 6 бүйрек трансплантациясы жасалды. Сонымен қатар, 2025 жылы 2 бүйрек трансплантациясы және ағымдағы жылдың қаңтар айында алғашқы бауыр трансплантациясы сәтті өткізілді.
Көпбейінді облыстық аурухананы толыққанды трансплантация жасайтын өңірлік орталықтардың бірі деп тануға болады. Аурухана тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, мамандары даярланған. Науқастарға ірі қалаларға бармай-ақ өз өңірінде тиісті жоғары технологиялық медициналық көмек алуына толық мүмкіндік жасалған.
Медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар мен заманауи емдеу тәсілдерін енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта медициналық қызметкерлер шетелдерде біліктілігін арттыруға жіберілуде.
2025 жылға жоспарланған медицина қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде дәрігерлердің (Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Германия Республикасы, Литва Республикасы) 41 маман біліктілік арттыру жоспарланған. Қазіргі таңда 37 маман шетел мемлекетінен біліктілігін арттырып келді.
Шетелдерде өтетін тағылымдамалар мен шетелдік мамандарды тарта отырып өңірімізде өтетен біліктілік арттыру курстары 2026-2028 жылға да жоспарланып отыр.
Өз қаражаты есебінен шетелдік емді таңдаған кезде, лицензиясы бар және ресми тіркелген сенімді клиникаларды таңдаған жөн.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!