ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне тиісті төлем аударылатынын айтты. Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 237 ардагер бар.
Бүгін таңертең ғана осы мәліметтерді шолып шықтым, 237 адам бар. Оларға 9 мамырда тиісті материалдық төлемдер барлық облыста аударылады. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша, ардагерлерге 1,5 млн теңгеден кем емес сомада қаражат төленеді», – деді Т. Дүйсенова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Өткен жылы Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 миллион теңгеден төленді. Анықтама үшін: 2020 жылы Қазақстанда 1025 Ұлы Отан соғысының қатысушысы тұрды; 2021 жылы олардың жартысына жуығы қалды – 665; 2022 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 қатысушысы мен мүгедектері өмір сүрді.
Қазақстанда 237 ардагер Жеңіс күніне орай төлем алады
30.04.2023
214
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!