Әскери бөлімдер мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді.
Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскерді дабыл белгісімен, тосыннан аяғынан тік тұрғызды, деп жазады zakon.kz.
«Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді. Шымкент пен Сарыөзектегі бөлімшелер бірнеше жүз шақырымдық қашықтықта Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына лақтырылады. Әскерлердің орналасуы аралас тәсілмен жүзеге асырылады: жауынгерлік машиналар, авиация, ауыр бронды техника теміржол және автомобиль жолдары арқылы тасымалданады. Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!