Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

39°C

, Дүйсенбі, 16 маусым, 18:04

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан аяқталады?

16.06.2025

17

0

Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салу мерзімі 12 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы аяқталуы мүмкін болжамды мерзім – 2035-2036 жылдар.

«Әлемдік тәжірибе атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімі 10-12 жылға созылатынын көрсетеді. Осылайша құрылыс жұмыстары 2035-2036 жылдары аяқталуы мүмкін. «Росатом» МК осы жоспарлармен келісетінін растады», – деп жазылған хабарламада.

Қазақстандағы АЭС құрылысы

2025 жылы ақпанда Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын орын болып белгіленді.

Жуырда ресейлік «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: