Қазақстанда енді номиналы 1 және 2 теңге болатын тиындар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл шешім осындай шағын номиналды тиындарды шығаруға қосымша шығын кетуіне байланысты қабылданған.
«Оны шығару орынсыз екенімен келісеміз (1 теңгені – еск.), сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: ол айналымда бар, қала береді, бірақ қосымша шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұл 2 теңгеге де қатысты», – деді Сүлейменов Сенат дәлізінде.
Ол айналымдағы тиындар алынбайтынын, алайда жаңаларын шығару тоқтатылатынын мәлімдеді.
«Айналымда, қалтамызда жүргендерді алып тастамаймыз. Бірақ жаңасына ақша жұмсамаймыз», – деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!