Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сенбі, 28 желтоқсан, 22:18

Қазақстанда мұғалімдерге арналған бескүндік енгізілді

03.10.2022

344

0

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ерекшеліктерін анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, білім ордаларында бес күндік оқу енгізіледі. Сенбі және жексенбі күндері демалыс болады. Бірақ үш ауысымда оқитын, орын жетіспейтін мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ кестесі бұрынғыдай қала береді. Үш ауысымда оқитын, орын жетіспейтін мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жексенбі ғана демалыс болып бекітілді.

Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша шарттық негізде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің жұмыс уақыты мен демалыс режімі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

Бұйрық 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: