Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 19 сәуiр, 21:27

Қазақстанда өрт сөндіруге арналған техникалар сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

25.05.2023

302

0

Үкімет өрт сөндіру жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол техникалар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 

10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді жылдам ауыздықтай алады.

Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады. Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: