Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:02

Қазақстанда қай өңір тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды

26.04.2023

327

0

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі СЖРА Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

2022 жылы туған кездегі халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болған. Осылайша, көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өскен. 

Айта кетейік, ведомство мәліметінше, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген екен – 71,3 және 70,2 жас болған.

Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 2020 жылы 78,4 жас, 2021 жылы 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жас болған, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген.

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: