Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 04:36

Қазақстанда SIM-карта сатуға шектеу қою керек – депутат

04.03.2024

410

0

Мәжіліс Депутат Жарқынбек Амантайұлы елімізде интернет алаяқтықпен күресу үшін SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Олар маған SIM-карта (нөмірлерді) беруді шектеу керек деп ұсыныс айтты. Қоғамда оны кез келген дүкеннен сатып алуға және бір кісіге шексіз, көп SIM-картаны сатуға болады. Кейбір елдердің тәжірибесін қарасақ, оны тек байланыс операторының филлиалынан сатып алуға рұқсат бар. Шетелде жекелеген дүкендер мұны сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM-картадан артық берілмесе. (Павлодар облысы ПД) бұл үлкен көмек болады деп отыр. Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма?», – деді Жарқынбек Амантайұлы Мәжілісте.

ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов шектеу мәселені шешпейтінін жеткізді.

«Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны сәйкестендіруді (активизация) ұсынып отырмыз. Себебі, шектеу болғанда оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бізде адамдар «іскер» екенін білесіздер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбау үшін біз адам санын анықтап, содан кейін ғана SIM-картаға активация жасауды ұсынамыз. Қазір мұндай ұсыныс қарастырылып жатыр», – деді комитет төрағасы.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: