Табиғат қорғау мекеме қызметкерлерінің жалақысы екі есе өспек, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 пайыз мөлшерде қосымша ақы тағайындалады.
Еске салайық, жалақы көтеру мәселесі адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыскерлерге, яғни мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына тағайындалған болатын.
Сонымен қатар, министрлік орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілері мен кәсіподақтарының өкілдерімен бірлесіп, 2025 жылға дейін қосалқы персонал мен табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысын екі есеге ұлғайту бойынша шешім қабылдады (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70 пайызға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 пайызға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 пайызға).
Осылайша қаржы, ұйымдастыру және өндірістік-шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлерінің, жүргізушілердің, трактористердің, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды тазалаушылардың және орманды қалпына келтіру, орман қорғау және орман шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын уақытша және маусымдық жұмысшылардың жалақылары өспек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!