ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратылып жатқан банктер туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттік өкілдері ұсынған мәліметке сәйкес, Қазақстанда тоғыз банк тарау кезеңінде тұр. Олар:
- «Валют-транзит банк» (лицензияның күші жойылды – 2006 жылғы 26 желтоқсан, таратылуы – 2007 жылғы 1 наурыздан бастап);
- Қазинвестбанк (лицензияны қайтарып алу – 2016 жылғы 27 желтоқсан, таратылу – 2018 жылғы 24 қаңтардан бастап);
- Delta Bank (лицензияны қайтарып алу – 2017 жылғы 3 қараша, тарату – 2018 жылғы 25 сәуірден бастап);
- Эксимбанк Қазақстан (лицензияны қайтарып алу – 2018 жылғы 28 тамыз, тарату – 2019 жылғы 16 қаңтардан бастап);
- «Астана Банкі» (лицензияның күші жойылды – 2018 жылғы 19 қыркүйек, таратылуы – 2019 жылғы 9 қаңтардан бастап);
- Qazaq Banki (лицензияны қайтарып алу – 2018 жылғы 28 тамыз, тарату – 2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап);
- Tengri Bank (лицензияны қайтарып алу – 2020 жылғы 18 қыркүйек, таратылу – 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап);
- AsiaCredit Bank (лицензияны қайтарып алу – 2021 жылғы 12 ақпан, тарату – 2021 жылғы 22 шілдеден бастап);
- CapitalBank Kazakhstan (лицензияны қайтарып алу – 021 ж. 25, тарату – 2021 ж. 5 қазан).
Бұған дейін Ашық НҚА порталында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылай қызметке тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжат жарияланған. Құжат қаржы өнімдерін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!