Мамыр – мерекеге толы ай. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы айдағы демалыс күндеріне өзгеріс енгізген.
Министрліктің хабарлауынша, 4 мамыр сенбі күнгі демалыс 8 мамыр сәрсенбіге ауысады.
Демек, мамырдың 4-і сенбі күні жұмыс күні болады.
Сол себепті, отандастарымыз 3 күн қатарынан, яғни 7, 8, 9 мамыр демалады.
Бұл күндері студенттер мен оқушылар да демалады.
Жалпы, мамырдағы мейрамдар мен демалыс күндерді қосқанда, қазақстандықтар келесі айда жалпы 11 күн демалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!