Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 11:43

Қазақстанның 10 облысына су басу қаупі төніп тұр

07.03.2023

127

0

Қазақстан аумағының 72%-ын қар басып жатыр, 10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» метеорологиялық қызметі.

Синоптиктер республиканың қай өңірлеріне су басу қаупі төніп тұрғанын жария етті.

Қауіп-қатер жоғары өңірлер:

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Қауіп-қатер орташа өңірлер:

Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қауіп-қатер төмен өңірлер:

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 13-44%-ға төмен.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

«Консультативтік болжамға сәйкес 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жылы және жаңбырлы болады», – деп хабарлады метеорологиялық қызмет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: