Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 26 сәуiр, 10:44

Қоғам тыныштығын күзеткен

11.12.2022

369

0

Жемісті жылдарда елдің тұрақтылығын, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындардың тыныштығына кепіл болатын Қазақстан полициясы құрылды. Қазақстан полициясы – Халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың сенімді тірегі. Әр аймақтағы полиция бөлімдері жергілікті жердегі құқы бұзушылырадңы алдын алуда, қоғамдағы қылмыстардың азайып, ел дамуына кедергі келтіретін олқылықтарды болдырмауда табандылық танытып, нәтижеге жұмыс жасауға күш салып келеді. Әсіресе, осы салада жүрген, ауданның тыныштығын, қоғамның тұрақтылығын күзеткен тәртіп сақшыларының еңбегі  елеусіз қалмайды. Олар осы уақытқа дейін аудандық полиция бөлімінде де ахуалдың тұрақты болуы үшін жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атқарған жұмыстары нәтижесін беріп, көптегне қылмыстардың алдын алса, ашылған қылмыстар да жоқ емес.

Жалпы елдің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерінің жүктемесі көп, міндеті де ауыр. Сол себепті “полиция қызметкері – халықтың қорғаны” десек, еш қателеспейміз. Аудан тәртіп сақшыларының қатарындағы АПБ Жергілікті полиция бөлімшесіне қарасты патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Нұрлыбек Жолдас та қызметін абыроймен арқалап жүрген азамат. Жалағаш кентінің тыныштығына жауапты тәртіп сақшысының жұмыс кестесі тығыз. Уақытпен санаспайтын Нұрлыбек Жолдас күннің қай мезгілінде де арнайы шақыртуға сақадай сай дайын тұрады.

  • Біздің міндет елдің амандығын, қоғамның тыныштығын күзету. Жауапкершілік жүгінің ауыр екенін білеміз. Осы қызметке келгендіктен, абыроймен атқаруға, халыққа пайдалы іс жасауға, тәртіптің орнауына, құқық бұзушылықтардың алдын алуға күш саламыз. Ең бастысы халықтың сенімінен шығу, елдің қорғаны болу, тәртіп сақшысына тән барлық қасиеттерге лайық болу біздің міндет.

Аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыспен күресу ісіне, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысуға тиіспіз, – деген сала қызметкерінің сөзінен-ақ өз жұмысының нағыз шебері екенін айқын аңғаруға болады.

Орда бұзар жаста тұрған жігіттің бұл жұмыста келе жатқанына 7 жылдан асыпты. Өз ісіне деген жауапкершіліктің қандай боларын ол жақсы біледі. Қысқасы, бұл саладағы жұмыстың барлығы оған бес саусағындай таныс. Кенттегі Дәуімбай елді мекенінің тыныштығына жауапты Нұрекеңнің айтуынша, қазір кентте көлік саны көбейген. Сол себепті жол жүру ережесі жиі бұзылып жататын көрінеді. “Біздің негізгі мақсат – тек айыппұл салумен шектелмей, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жасап, мейлінше олардың қауіпсіздігіне жұмыс жасау” деп түйді ол әңгімесін. Тәртіп сақшысының жұмысымен танысқан біз, оның өз қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтынын түсіндік. Кент орталығындағы базар маңына тұрақтап, көлік қозғалысын реттеуге кірісіп кетті. Көлік қозғалысын реттеуде полицейлердің рөлі зор. Өйткені базар маңында таңертең көлік саны көбейеді, көлік жүрісі қиындай түседі. Сол сәтте көлік жүргізушінің жол белгі талабын орындамай тұрғанын байқап қалса керек. Қолындағы арнайы аппаратпен “Вольфсваген” автокөлігін тізгіндеген азаматтың сәл аялдауын сұрады. Осылайша жұмысымыз одан әрі қыза түсті. Амандасып, өзін таныстырған Нұрлыбек көлік иесінен көлік құжаттарын көрсетуді талап етті, құжаттары түгел екен, инспектор қолына планшетін алып, хаттама толтыра бастады. Хаттаманы толтырып болған соң, көлік иесімен белгі тұрған жерге барып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Стадион алдындағы айналма жолдан өте бергенде тағы да “Вольфсваген” маркалы көлік назарымызға ілікті, бірақ түсі бөлек екен. Автокөліктегі дыбыс күшейткішпен көлікке оң қапталға аялдауды талап етті. Жүргізуші де дереу талапты орындап, көлік қозғалтқышын сөндірді. Дәл жоғарыдағыдай реттілікпен құжаттарын сұрады. Құжаттары түгел. Бір айыбы көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған, оған қоса көліктің жарық шамын жақпаған. Әрине заң бәріне ортақ, көлік иесіне заң талабын сақтай отырып, 2 хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Түсіндірме жұмыстарын да назардан қалдырмады.

Нұрлыбектің айтуынша, жалпы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Жалағашта 3 полицей қызмет етеді. Күніне жүгенсіз көлік жүргізушілерге 10-нан аса айыппұл салынатынын айтады. Демек, көлік жүргізушілер тарапынан жол ережесін сақтауға әлі де құлықсыздық басым деген сөз.

– Мен бала кезден полиция қызметкері боламын деп армандайтынмын. Тек армандап қана қоймай, осы маман иесі атануды мақсат еттім. Оқуымды бітіргесін «Кім боламын?» деп көп ойланбадым, дереу осы салаға жұмысқа орналастым. Жаман емес, шүкір, қызығы мен шыжығы мол жауапты қызмет атқарудамын. Қызметте жүрген соң жұмыс барысында қойылған талаптарды уақытында орындауға міндеттіміз. Өйткені бұл – адам өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беретін қызмет саласы. Сол себепті полицей қызметкері дене дайындығымен қатар психологиялық дайындықта жүруі қажет. Қызмет болған соң, әртүрлі оқыс оқиғалар, яғни көлік апаты, адам өлімі секілді жайттар орын алып жатады, – дейді полицей Нұлыбек Жолдас. Әрине мұндай өте жауапты қызметке төзу оңай шаруа емес. Себебі полицейлер де адам баласы. Оларда да жүрек бар екенін естен шығармағанымыз абзал. Қарбаласы мол біркүндік жұмыс күні аяқталғасын, қызметтік қару қайтадан кезекші бөлімге тапсырылды. Сырттай қарағанда форма киіп жүретін қызмет болып көрінгенімен, жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл қызмет – жауапкершілігі мол жұмыс. Ең басты міндеттері – адам өмірі, тұрғындар қауіпсіздігі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: