Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 29 наурыз, 14:20

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

21.09.2022

258

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырыстары өткізілді. Аталған отырысқа партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева төрағалық жасап, күн тәрітібіне 3 мәселе қойылды.


Аудан бойынша электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жасап өтті. Аудан бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес 6 дербес бөлім атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық жер бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімі аппараттары тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетіп келеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда ауданда барлығы 125 қызмет түрі көрсетіледі.


Үстіміздегі жылдың 8 айында тұрғындарға барлығы 8717 қызмет көрсетілді. Оның ішінде барлық қызметтің 83,5%(7240) электронды түрде көрсетілген. Ал «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында 2022 жылға көзделген меже 70 пайыз.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 6-тармағында – «Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады» – делінген.
2022 жылдың 1 қыркүйегіне Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 12 отырысы өткізіліп, барлығы 31 мәселе қаралды.
Ағымдағы жылдың 8 айында Қоғамдық кеңес отырыстарында аудан бюджетіне үш рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналыстарында қаралып, қоғамдастық мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, мәслихат сессияларына бекітуге ұсынылған.
Есепті кезеңде 37 рет қоғамдастық жиналыстарында ауыл бюджеттері талқыланды. Бюджеттің өз дәрежесінде заңға сәйкес атқарылуы жөнінде кент, ауылдық округ әкімдерінің есебі аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19-сессиясында тыңдалып, қаралды.
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасындағы №81, №82 тармақтарының орындалуы үнемі назарда болады – деді аудандық қоғамдықтің хатшысы Ботагөз Жақанова.
2022 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 406 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 525 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

«Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба сомасы – 875 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – «Шабыт» қоғамдық қоры. «Шабыт» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен аудан орталығында халық көп шоғырланған орындарда арнайы сала мамандарының қатысуымен кеңес беру шаралары, NEET санатындағы жастарды қоғамдық ортаға тарту мақсатында ауылдық округтерде аймақтық спорттық сайыстар, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу үшін түнгі рейд жұмыстары, нашақорлықтың зардаптары туралы жоғары сынып оқушылары арасында видеороликтер байқаулары, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында сұхбаттар жүргізіліп келеді.


«Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба сомасы – 1 540 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры. «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен жастар арасында әскери спорттық сайыстар, аудандық жайдарман ойындары, психологиялық семинарлар, ерікті жастар қозғалысын дамыту, жастар арасында мерекелік шараларды атап өту жұмыстары жүргізіліп келеді.


«Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба сомасы – 1 390 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі. Қазан айында өз саласының үздіктерін анықтау үшін байқау жариялап, арнайы құрылған комиссия 10 номинация бойынша байқауға қатысып іріктелген жастарды аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығымен марапаттау жоспарлануда. Бір реттік сыйақы мөлшері – 100 000 теңге.
Аталмыш отырыста хабарламашылардың баяндамасы тыңдалып, отырысқа қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: