Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 01:59

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Партия алаңында тұрғындар мәселе көтерді

21.11.2023

445

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары Ақсу ауылынан аудан орталығына қатынайтын маршрут, А.Ізтелеуова көшесін жарықтандыру, Төле би көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім саласын жетілдіру, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей аумағына жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша бірқатар мәселелер көтерді.

Қабылдауға келген тұрғындар мәселесі бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Тұрғындар көтерген мәселелер толық шешімін тапқанша бақылау, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдау, талап ету, орындалуына атсалысу – біздің мақсатымыз. Бүгінде аталған мәселелер бойынша бірқатар депутаттық сауал жолданды. Орындалуы бақылауда, – деді фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: