Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 наурыз, 17:56

Қорқынышты кадр: Қызылордада үйлердің біріндегі жарылыс видеоға түсіп қалған

20.04.2023

358

0

Қызылордада үйлердің біріндегі жарылыс видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Қызылордада газ ауа қоспасы жарылысынан, одан кейін шыққан өрт салдарынан 41 жастағы ер адам зардап шекті. Ол күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Жарылыс жеке үйде болған. Ал бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Қызылордада Яншина көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылысы болды, салдарынан 182 шаршы метр аумақ жанып, опырылды. Әрі қарай өрт осы үй аумағында орналасқан 60 шаршы метрлік уақытша құрылыс нысанына тараған. Құтқарушылар келгенге дейін аяқ-қолы күйіп қалған Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнында штаб құрылып, өрт сөндірілген.

«Өрт сағат 12.09-да ауыздықталды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деп толықтырды ТЖ департаменті өкілі.

Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД-ның 25 қызметкері және 5 техникасы, медицина орталығының 4 қызметкері және 1 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 3 қызметкері және 1 техникасы, «КРЭК» АҚ, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: