Құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі беймезгіл уақыттарда заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын орталықтарында жүруі бойынша тексеру, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жалғасуда. Аталған түнгі рейдтік жұмыстарға аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің мамандары, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері сонымен қатар Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары да атсалысуда.
Аталған түнгі рейдтік жұмыстарға Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Еркебұлан Мақсұтов және Жанашев Сәбит қатысып, үйлерді аралап ата-аналарға беймезгіл уақытта кәмелетке толмаған балалардың көшеде жүрмеуін қадағалау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!