«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракция мүшесі Досымов Қайрат және партиялық бақылау мүшелері Шадаев Әбдіғани мен Шілдебаев Бейбітпен бірге Қаракеткен ауылындағы жаңадан салынып жатырған дәрігерлік амбулатория құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында партиялық бақылау бекеті құрылған болатын. Құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүруде.
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы мердігер мекеме «БАҚ БЕРЕКЕ» ЖШС-і өкіліне құрылыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаумен құрылыс жұмыстары сапалы жасалынып, оны дер кезінде аяқтауды және өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.
Мердігер құрылыс қарқынды түрде жүріп, жұмыстың 70%-ы орындалғанын хабардар етті.
Партиялық бақылау бекеті құрылыс толық аяқталғанға дейін өз жұмысын жалғастыра беретін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!