Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 29 сәуiр, 14:56

Құрылыс сапасы мен мерзімі басты назарда болуы керек

29.04.2025

53

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте  аудандарда пайдалануға берілген құрылыс нысандарының, жүзеге асырылу сатысындағы жобалардың  жай-күйі талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы әрі кестеге сай мерзімінде аяқтауды, тазалыққа және абаттандыруға қатысты жұмыстардың қарқынын күшейтуді жүктеді.

«Құрылысқа жауапты мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болуды тағы да ескертемін. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек. Осыған дейін берілген тапсырмалар бақылаудан, күн тәртібінен түспейді», – деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, мәжілісте барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстарын үздіксіз жүргізу, абаттандыру және көркейту-көгалдандыруды белсенді қолға алу тапсырылды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: