Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:33

Қылмыс 12,3 пайызға төмендеген

01.08.2023

482

0

Ішкі істер органдарының қылмыспен күресте басым бағыттарының бірі кезекші тәулікте қылмыстарды ізін суытпай ашу және қылмыстың алдын алу профилактикасы болып табылады. Бұл ретте Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері табанды еңбек етіп, қылмысты ізін суытпай ашуда, қылмыстың алдын алуда, жалпы, қоғам тәртібін сақтап, тұрғындар қауіпсіздігін уақытпен санаспай күзетіп, жүйелі жұмыс жасап келеді.

Ауданда 2023 жыл­дың 6 айын­да орын алған, жалпы тір­кел­ген қылмыстардың саны өткен жыл­мен салыстырғанда 65-тен 57-ге, яғни 12,3 пайызға төмендеп, ашылу көрсеткіші былтырғымен са­лыс­тырғанда 72 пайыздан 83,6 па­йызға, яғни 11,6 пайызға жақ­сар­ды. Жергілікті полиция қызме­тімен 6 айда бар­лығы 2 220 әкімшілік құқық бұзу­шылық анықталған, өт­кен жылмен салыстырғанда 71,2 пайызға өскен, оның ішінде мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша 984 әкімшілік хаттама анықталып рәсімделген.

Жалағаш ауданында тонау қыл­­мы­сының тіркелуі 1 қылмысқа өсім алып, өндіріспен аяқталған. Ашылу көрсеткіші өткен жылмен са­лыстыр­ғанда 100 пайызды құ­рауда. Бұза­қы­лық қылмысының тір­келуі 1 қылмысқа өсім алып, өндіріспен аяқталған. Ашы­лу көр­сеткіші өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда 50 пайызды құрайды.

Қыл­мыстың орын алған ай­мақ­тарына қыл­мыстық картаға сәйкес жасақтар дұрыс орнатылып, жұ­мыс атқаруда. Көше және қо­ғам­дық орындарда орын алған қыл­мыс­тар­­дың алдын алу мақса­тында кентте орналасқан кафе, мей­рам­хана, ба­зар­лар маңында, орталық алаң, саябақтарда профи­лак­ти­калық жұмыстар күшейтілген түрде үнемі жүргізілуде. Сонымен қа­тар талдау нәтижесінде, көше мен қоғамдық орында орын алған қыл­мыс­тар жасырын ұрлық болып отыр, яғни тұрғындардың көбіне өз жеке мүліктерін қоғамдық орын­дарда қа­раусыз қалдыруынан орын алған.

Жалағаш ауданында қылмыс­тың алдын алу бағытында «құ­қық тәртіп» ЖПІШ бірнеше рет өткізілді. Мас күйінде жасал­ған қылмыстардың тір­келуі 4-тен 11-ге өсім алды. Орын алған қыл­мыс­тарды талдау барысын­да олар­дың 5-еуі полиция қызмет­кер­леріне өз қыз­мет­тік міндеттерін атқару ба­ры­сында мас қүйінде қарсылық көр­сеткен де­ректері бо­лып отыр. Алдын алу ба­ғытында ӘК 440 бабына сәйкес 53 (2022-13) хаттама рәсімделіп, 9 аза­мат маскүнемдер есебіне алынып, УПИ-дің түсіндірме жұмыстарынан кейін 13 тұлға облыс орталығына мас­­­кү­немдіктен емделуге жолданса, 2 тұлға мәжбүрлеп емделуге жол­данған.

Бұрын сотты болғандармен жа­­сал­ған қылмыстар 100 пайзға тө­­мен­деген, былтыр мұндай 2 қылмыс орын алса, биыл мүлде орын алмаған. Ал рецедивпен жасалған қылмыстар орын ал­маған. Бұрын қылмыстық жауап­кершілікке тартылғандармен жа­салған қылмыстардың тіркелуі 16-дан 24-ке, яғни 50 пайызға жоға­рылаған. Дегенмен қылмыстық жауап­­кершілікке тартылғандармен жа­салатын қылмыстардың алдын алу мақсатында аудан көлемін­де «Пробация», «Есептегі», «Про­фи­лак­ти­калық апталық», «Тұр­мыс», «Құқық тәртіп» іс-шара­лары ұйымдас­ты­рылып, әкімшілік аймақтардың бұ­рын сотты болған адамдардың ме­кен-жайларынан фотосуретке түсу арқылы тек­се­ріліп, олармен профи­лак­тикалық мәні бар жұмыстар жүргізілуде.

Бұл санатты қылмыстардың ал­дын алуда ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңы та­лаптарына сай тұрмыстық ор­тада құқық бұзушылық жасаған адам­дарға қатысты 43 (2022-38) қорғау нұсқама шығарылып, қорғау нұс­қама талаптарын бұзған үшін ӘҚБтК 461 бабына сәйкес 4 (2022-1) әкім­шілік іс сотқа жолданып, шара көрілген.

Отбасы, тұрмыстық қатынас­тар саласында жасалатын қылмыс­тардың алдын алу, оған жол бермеу мақсатында әкімшілік кодекстің 73 бабына сәйкес 30 (2022-39) тұлға әкімшілік жауапқа тартылса, ау­дандық сотқа тиісті ұсыныстар бе­ріліп, құқық бұзушының мінез-құл­қына 10 (2022-9) ерекше талап белгіленген.

Бөлімнің профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлға­лармен үнемі профилактикалық жұ­мыстар жүргізіліп, нәтижесінде 8 азамат маскүнем ретінде бөлімнің ті­зімдік есебіне алынды. УПИ-дің тү­сіндірме жұмыстарынан кейін 13 тұлға облыс орталығына мас­күнем­діктен емделуге жолданса, 2 тұлға мәжбүрлеп емделуге жол­данған. Ерік­сіз емдеу мекемесіне бірде-бір маскүнем мен нашақор жол­дан­баған. Себебі қазіргі таң­да 4 аза­матқа қатысты еріксіз ем­деу меке­месіне жатқызуға да­йын­дық жұ­мыстары жүргізіліп, ме­ди­циналық тексеру жұмыстары өткізіліп, нәти­жесінде 2 тұлға еріксіз емдеу орта­лығына жолданды.

Әкімшілік қадағалауға фор­мальді түрде алуға жататындар са­натымен есепте тұратын 2 адам­ның бірде-біреуіне «В» тармағымен әкімшілік қадағалау орнатылмаған. Себебі бұйрық талаптарына сәй­кес, әкімшілік қадағалауда «В» санатымен есепте тұрған тұл­­ға­лар тарапынан құ­қық бұзушы­лық­тармен басқа да заң бұзу­шы­лықтар орын алмағасын әкім­шілік қадағалау орнату мүмкін болмай отыр.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатымен тұратын 4 адамның бірде-біреуін сот арқылы түзеу мекемесіне қайтарылмаған. Се­бебі ІІМ-нің 19.09.2014 жылғы №622 бұйрығына сәйкес, ШТМББ тұлғалардың тұрғылықты мекен-жай­ларынан үнемі учаскелік по­ли­ция инспекторларымен тек­се­ру жұ­мыстары жүргізіліп, түсін­дірме жұ­мыс­тары жүргізілуде. Алайда қазіргі таңда ШТМББ тұлға­лар­дың тарап­тарынан құқық бұзушы­лықтар анықталмай және олардын тара­пынан шектеулер бұзылмаған.

Аймақта құқық бұзушы­лық­тарды жою туралы құзырлы органдарға 13 ұсыным жолдан­ғанымен ӘҚБтК-нің 479-бабымен бірде-бір құқық бұзушылық анық­талмаған. Себебі аталған құзырлы органдар жіберілген ұсыным хаттар жіберіліп, алайда террористік осал объектілерінің ҚР ӘҚБтК 462 бабымен 2 хаттама рәсімделіп, аудандық сотқа жол­данып, тиісті шаралар көрілді.

Есепті мерзімде әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 120 (2022 ж-123) қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасаған жасөспірім анық­талып, олармен тиісті профи­лактикалық жұмыстар жасалып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 б 2 бөлігімен 120 жасөспірімнің ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілді. АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ-ның есебінде 1 жасөспірім және 4 қолайсыз от­басы есепке қойылды. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында басым-бағыт­тар бел­гі­леніп, жұмыс атқару жоспар­лануда. Ауданның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағы­тында халықтың сенімінен шығуға қолда бар барлық мүмкіндікті пай­даланып, жұмыс атқарып жат­қан аудан сақшыларының ал­дағы уақытта да қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыстар жасай­тынына сенім мол. Қазіргі таңда ауданда ахуал тұрақты.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: