Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 30 мамыр, 09:08

Қытайдан Қазақстанға алғашқы туристік пойыз аттанады

28.05.2025

51

0

 29 мамырда Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды спорт және туризм министрлігі.

«Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. Делегация құрамында 250-ден астам адам бар. Олар мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер», – делінген хабарламада.

Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді. Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:

ресми қарсы алу рәсімі;

«Шэньси – Алматы» апталығының ашылуы;

жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;

Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.

Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: