Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 18:10

Қызылорда облысы тұрғындары 116 дана қару тапсырған

10.04.2023

266

0

Биыл акцияны өткізуге мемлекеттен 88 млн теңге бөлінді

11 жылда қазақстандықтардан 1,9 млрд теңге қару-жарақ сатып алынды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің басшысы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, 2008 жылдан бері Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қау-жарақты сатып алу үшін Қазақстан бойынша арнайы акция өткізеді. Ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

11 жылда осындай акция барысында (2008, 2012-2014, 2016-2022) 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан аса атыс қаруы және 2 млн-нан аса ойық ұңғылы қарудың оғы ерікті түрде тапсырылды. Өткен жылғы акцияның нәтижесінде азаматтар жалпы соммасы 89 млн теңгеге 1400 атыс қаруын, 10 мыңнан аса ойық ұңғылы қарудың оқтарын ерікті түрде тапсырды, – деді Асылбек Ыдырысов ІІМ-де өткен брифингте.

Қаруды төмендегі өңірлердің тұрғындары ең көп тапсырған:

  • Түркістан облысы – 237 дана;
  • Жамбыл облысы – 160 дана;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 153 дана;
  • Қызылорда облысы – 116 дана;
  • Қарағанды облысы – 107 дана; 
  • Ақмола облысы – 105 дана;
  • Алматы облысы – 90 дана.   

Акция елдегі криминогендік ахуалға оң септігін тигізген.

«Тек соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны азайды: 2016 жылғы 389-дан 2021 жылы 192-ге дейін. Заңсыз сақталған қару-жарақтарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқықбұзушылық құрамы болмаса, қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) және әкімшілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабы) жауапкершіліктен босатылатынын айта кету керек», – деді басшы.

Биыл аталған іс-шара 10 сәуірде басталды. Оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн-нан аса теңге бөлінді.

Қарудың түрі мен техникалық жағдайына байланысты өтемақы мөлшері әртүрлі болады: 34 мың теңгеден 345 мың теңгеге дейін (10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін). Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді, – деді Асылбек Ыдырысов.

Қаруды тапсыру кезінде өтемақы төмендегідей беріледі:

  • Автоматты ойық қару үшін – 345 мың теңгеге дейін;
  • Ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндерге – 172 мың теңгеге дейін;
  • Тапаншалар мен револьверлер үшін – 138 мың теңгеге дейін;
  • Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір данасына – 103 мың теңге дейін;
  • Травматикалық тапаншаларға – 34 мың теңгеге дейін.

«Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі. Олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы, екінші санатқа – 70%-ы, үшінші санатқа 30%-ы беріледі. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай», – деп түйіндеді сөзін Асылбек Ыдырысов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: